11 наурызда Алматы қ.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері қаланың екі ұжымында АИТВ-ға экспресс-тестілеу өткізді.

11 наурызда Алматы қ.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері қаланың екі ұжымында АИТВ-ға экспресс-тестілеу өткізді.

Алматы технологиялық университеті студенттерінің алдында дәрігер-эпидемиолог Ж.Аруова мен көмекшісі Е. Хван АИТВ - инфекциясының алдын алу туралы дәрістер оқыды.

Қатысушылар АИТВ-ның берілу жолдары, қорғау шаралары, өз денсаулығына және жақын адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі туралы білді. Дәрістен кейін 66 студент АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, өз мәртебесін білді.

"Теміржолсу-Алматы" АҚ - да шағын-тренингті дәрігер-эпидемиолог Г.Бекбосынов пен көмекшісі Г. Жубулова өткізді. Дәрігерлер АИТВ-ға қатысты алдын алу шараларын сақтау, сондай-ақ тестілеу қажеттілігі туралы айтты.

Қатысушылардың көптеген сұрақтары болды, оларға ЖИТС орталығының қызметкерлері толық жауап берді. Бұл күні акционерлік қоғамның 31 қызметкері АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті.

#ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы