14 наурызда Алматы қ.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері перзентханалардың қабылдау бөлімдерінің акушерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді.
Қатысушылар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі негізгі регламенттеуші құжаттарымен танысты.
АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді қалай жасауға және нәтижесін анықтауға болады, ол туралы алдын алу бөлімі меңгерушісінің м.а. А. Заурбекова айтып берді. Педиатр Г. Үсенова "АИТВ - позитивті аналардан туған балаларды босанғаннан кейінгі бақылау"презентациясымен сөз сөйледі. Дәрігер-гинеколог М.Шоқыбаева АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, АИТВ-инфекциясы кезінде жүктілікті, босануды, босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу ерекшеліктері туралы айтып берді.
ЖИТС орталығының мамандары АИТВ - ға тестілеуге дейін және одан кейін психоәлеуметтік кеңес беру тақырыптарына, АИТВ-оң аналардан туған балаларды босанғаннан кейінгі бақылауға, авариялық жағдайлар туындаған, байланыстан кейінгі профилактика, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу жағдайындағы медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды.