АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс

АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс

Бұл күндері Алматы қаласының ЖИТС - тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері қылмыстық - атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша дәрістер өткізуде.

16 наурызда ЛА 155/13 қызметкерлері дәрігерлердің арқасында АИТВ-жұқпасының берілу жолдарымен, алдын алу шараларымен, тестілеу қажеттілігімен танысты.

Дәріске қатысушылар сұрақтарға жауап алды :

?АИТВ мен ЖИТС айырмашылығы неде,

?инфекция қалай берілмейді,

?АИТВ-дан қалай қорғануға болады,

?контактіден кейінгі алдын-алу дегеніміз не.

Талқылау орталығында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу, АӨСА-ға неліктен антиретровирустық терапия қажет деген сұрақтар талқыланды.

ЖИТС орталығының қызметкерлері қала мен елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы