ЛА-155/18 мекемесінің жеке құрамы мен медицина қызметкерлеріне арналған семинар.
18 наурызда Алматы қ.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері ЛА-155/18 мекемесінің жеке құрамы мен медициналық қызметкерлеріне семинар өткізді.
Эпидемиолог-дәрігер А.Перваева мен инфекционист – дәрігер А. Алимбекова АИТВ – инфекциясының таралу жолдары, Қазақстандағы және Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді. Дәріскерлер зертханалық диагностика әдістерін, ересектердегі АИТВ-инфекциясының клиникалық жіктелуін ұсынды.
Қатысушыларда "АИТВ-жұқпасы бойынша Заңнамалық база" және "АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу"тақырыптары көптеген сұрақтар туғызды. Дәрігерлер антиретровирустық терапияның артықшылықтары туралы айтты, оны қабылдау кезінде және дәрігерлердің барлық ұсыныстарына сүйене отырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және толық өмір сүре алады.
Жақын күндері ЖИТС орталығының дәрігерлері ҚАЖК-нің басқа мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинарлар өткізуді жалғастыруда. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы