Плюс 16 жастар көшбасшылары
18 сәуірде Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжде жастар көшбасшыларына арналған тренинг өтті.
Тренинг-бұл біріншіден, білім. Алматы қаласы ЖИТС орталығының әлеуметтік қызметкері М. Үсенқұл студенттерге АИТВ-инфекциясынан қорғану жолдары, тестілеу қажеттілігі туралы айтып берді.
Жоба чемпиондары @dance4life.kz бұл білім "тең - теңімен" принципі бойынша практикалық жаттығулар: рөлдік ойындар, билер, жаттығулар көмегімен бекітілді. Бұл қызықты және пайдалы болды.
Енді Алматыда АИТВ-ның алдын алу бойынша 16 жастар көшбасшысы қосылды, олар құрдастары мен достарына салауатты өмір салтының артықшылықтары мен денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туралы айтып береді.
"A FEW Kazakhstan"қоғамдық қорына серіктестік үшін рахмет. AFEW Kazakhstan
#ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы