"Қорқудың қажеті жоқ, білу керек"

"Қорқудың қажеті жоқ, білу керек"

Осындай атаумен 13 мамыр күні Алматы Арбатында ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері акция өткізді.

60 - тан астам адам ақпараттық-білім беру материалдарын, бет перделер және АИТВ-инфекциясына тексеруден өтуге шақыратын білезіктер алды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша кеңес берді, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және барлығын тестілеуден өтуге, өз денсаулығына және жақын адамдарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Акция әлемде мамыр айының үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтілетін, ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алудың дүниежүзілік күні қарсаңында өткізілді. Биылғы еске алу күнінің ұраны - " Біздің есімізде! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ-дан көппіз".

#ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы