Орталық қызметкерлеріне арналған Семинар
6 маусым күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында сирек кездесетін вирустық ауру-маймыл шешегі туралы білімді арттыру бойынша семинар өтті.
Алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, госпитальдық эпидемиолог Перизат Күмісбек аурудың этиологиясы, эпидемиологиясы және алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы презентация жасады.
Дәріскер маймыл шешегінің тарихы, инфекцияның берілу жолдары, негізгі қауіп факторлары туралы айтты. Сондай-ақ инфекцияның халықаралық таралуының ағымдағы жағдайы мен динамикасын ұсынды. Бүгінгі таңда маймыл шешегі 14 елде тіркелген.
Біздің елде бұл аурудың жағдайлары тіркелген жоқ. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсыныстар әзірледі
жазғы демалыстар мен демалыс маусымының басталуына байланысты шет елдерге шығатындар үшін.
#ЦентрСПИДАлматы