Алматылық КДП тәжірибесін зерттеу
16 маусымда "АИТВ індетіне қарсы күрестің Алматы моделі" жобасы шеңберінде Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық және қалалық орталықтарының медициналық мамандары, сондай-ақ ЕЖЕ қоғамдастығының мүдделерін білдіретін ҮЕҰ басшысы Алматыдағы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығына барды.
Қазақстандық сарапшылар контактіге дейінгі профилактика (КДП) бағдарламасын, АИТВ-ға өзін-өзі тестілеуге арналған онлайн-платформаны, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың серіктестерін индекстік тестілеуді енгізу тәжірибесі, сондай-ақ ЕЖЕ негізгі тобымен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтып берді. Орталық Азия елдерінің өкілдері КДП және онлайн-платформаны енгізу жөніндегі өз жоспарларымен бөлісті, көптеген сұрақтар қойды, «Community Friends» ҮЕҰ-мен әріптестікте, Алматыдағы ЖИТС орталығы базасында КДП тәжірибе жүзінде қалай енгізіліп жатқанын көрді.
Осы жылдың сәуір айында құрылған Өңірлік ресурстық орталық аясында Қырғызстан, Ресей және Германия мамандарының Алматыға алғашқы сапары өтті. Осы сапардың қатысушылары Алматыда ЖИТС орталығы базасында КДП енгізу елде де, ВЕЦА аймағында да, табысты болып табылатынын атап өтті.
Алматинская модель по контролю над эпидемией ВИЧ
#ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы