Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері онлайн режимінде талқылады

Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері онлайн режимінде талқылады

22 шілде күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері медициналық ұйымдар мен қан орталығының трансфузиолог дәрігерлерімен АИТВ –инфекциясының қан және басқа да биологиялық сұйықтықтар, органдар мен тіндер арқылы берілуінің алдын алу мәселелерін онлайн режимінде талқылады.

Әңгіменің басты бағыты-ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстың нәтижелері, оның тиімділігін арттыру үшін мүмкіндіктер мен ресурстар. ЖИТС орталығының дәрігерлері жиналғандарды қаладағы эпидемиологиялық жағдаймен және ересек адамдарда АИТВ-инфекциясының болжамды берілу жолының динамикасымен таныстырды. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді бұйрықтары туралы хабардар етілді. Қатысушылар донорлар арасында АИТВ инфекциясын анықтауды өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге төмендетудің оң үрдісін атап өтті. Реципиенттерді АИТВ-ға тексеруге жүргізілген мониторинг көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетеді. ЖИТС орталығының дәрігерлері бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындады. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы