АИТВ-ны алдын алу туралы дәріс

АИТВ-ны алдын алу туралы дәріс

15 тамызда, Алматы қаласы Мамандандырылған қауіпсіздік қызметі департаментінің қызметкерлері АИТВ-инфекциясын алдын алу туралы пайдалы білім алды.

Алматы қаласы ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Айнұр Әмірова қатысушыларды АИТВ-ның берілу жолдарым және одан қорғану тәсілдерімен таныстырды. Оның айтуынша, иммунитет тапшылығы вирусы өте тұрақсыз, тек адам ағзасында ғана өмір сүреді және сыртқы ортада тез өледі. Сондықтан бассейнде, спортпен шұғылдану кезінде, сондай-ақ жәндіктердің шағуы немесе жануарлармен байланыс арқылы АИТВ жұқтыру мүмкін емес. Сондай-ақ, маман АИТВ-ның берілмейтінін жолдары туралы айтты:

- ортақ ыдыс арқылы, ортақ дәретхананы, душ пен ваннаны, төсек-орын тысын қолданғанда,;
- қол алысу және құшақтау;
- сүйіскенде;
- тер немесе көз жасы арқылы;
- жөтелгенде және түшкіргенде.

Соңында дәріскер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы