Туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторингтік сапар

Туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторингтік сапар

17 қарашада Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығына туберкулезге қарсы іс-шаралар жөніндегі мониторингтік топ келді

Топ құрамында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының және ЖИТС, туберкулез және безгекпен күреске арналған Жаһандық қор жобасын іске асыру тобының мамандары бар. Топ ЖИТС орталығында туберкулезді анықтау, диагностикалау, скринингке мониторинг жүргізді. Сапар барысында орталықтың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Медицина қызметкерлері туберкулезге қарсы іс-шараларды күшейту бойынша ұсыныстар алды. Олардың ішіндегі ең бастысы-туберкулездің алдын алу бойынша МСАК-пен өзара іс-қимылды жандандыру. #ЖОКСПИД2030

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы