Болашақ дәрігерлердің талқылауы

Болашақ дәрігерлердің талқылауы

Алматыда, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "Теңдік уақыты!" Дүниежүзілік науқаны жалғасуда..

25 қарашада Алматы қаласы ЖИТС орталығында А. Н. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жалпы медицина факультеті студенттерінің пікірсайысы өтті. Қатысушылар эпидемиология кафедрасының "АИТВ-инфекциясы" курсының 23 және 24 топтарының 6 курс студенттері болды. Студенттер "АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту және стигма " тақырыбында екі баяндама дайындады. Болашақ дәрігерлер екі командаға бөлініп, пікірталас ұйымдастырды. Аргументер мен дәлелдерді ЖИТС орталығының кәсіби дәрігерлері бағалады. Қазылар алқасы барлық даулы мәселелерді түсіндірді. Пікірталастың шарықтау шегі АИТВ - мен өмір сүретін Борис Исаевпен кездесу болды. Борис өзінің АИТВ мәртебесін жасырмайды. Ол өзінің өмірі мен үкіметтік емес ұйымдағы, АИТВ алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы туралы айтты. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы