Алматы бизнес-құрылымдарындағы акциялар

Алматы бизнес-құрылымдарындағы акциялар

Алматыда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "Теңдік уақыты" ұранымен онкүндік жалғасуда.

25 қарашада Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері "Теміржолсу-Алматы" ЖШС және "ҚТЖ Алматы-1" АҚ үшін акциялар өткізді. Жұмыс орындарындағы қызметкерлер АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен қорғану шаралары туралы пайдалы ақпарат алды. Профилактикалық шағын дәріс бизнес - құрылымдар өкілдерінің сұрақтарын тудырды. ЖИТС пен АИТВ - ның айырмашылығы неде? АИТВ-ны ортақ ыдыс-аяқ арқылы жұқтырып алуға бола ма? Неліктен тестілеу қажет? Осы және басқа сұрақтарға толық жауаптар берілді. Шағын дәрістен кейін 40 адам дәрігерлердің кеңесімен АИТВ - ға жедел тестілеуден өтті. 20 минуттан кейін әркім өзінің АИТВ мәртебесін білді. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы #времядляравенства

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы