ПДО және сенім пункттерімен бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды

ПДО және сенім пункттерімен бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды

18 қаңтарда Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Психикалық Денсаулық Орталығының (ПДО) және Сенім пункттерінің дәрігерлерімен бірлескен 2022 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды.

ЖИТС орталығының дәрігерлері әріптестерін Алматыдағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Оң тенденциялар - өткен жылмен салыстырғанда инъекциялық есірткі қолданатын адамдар ( ИЕҚА) мен еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар (ЕЖЕ) АИТВ-ды жедел тестілеумен қамтудың өсуі. ICAP жобасының қолдауымен АИТВ-ға экспресс-тесттерді ПДО-ның есірткі бөлімшесінің пациенттеріне беру пайдалы бастама болды. Жиналыста есірткіні көк тамыр арқылы қолданатын адамдар арасында АИТВ-ның таралуын эпидемиологиялық бақылау бойынша зерттеу нәтижелері таныстырылды. Оған 319 адам қатысты. Зерттеу есірткіні көк тамыр арқылы қолданатын адамдар арасында АИТВ - инфекциясының таралуының 2020 жылмен салыстырғанда 0,4 есе төмендегенін көрсетті. Бүгінде қалада халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алуды арттыру үшін 19 сенім пункті жұмыс істейді. инъекциялық есірткі қолданатын адамдармен жұмыс істеуге 30 аутрич қызметкері тартылды. Олар үшін ЖИТС орталығының дәрігерлері үнемі тренингтер мен семинарлар өткізеді. 2022 жылы Сенім пункттерінде 3542 адам АИТВ-ға тексерілді, жарты миллионға жуық презерватив, 600 мыңнан астам шприц таратылды. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін медицина қызметкерлері ұсыныстар қабылдады. Олардың ішінде: ПДО стационарына түскен кезде, АИТВ - инфекциясына қамтудың кемінде 95-100 пайызын және инъекциялық есірткі қолданатын адамдардың 100 пайызын тексерумен қамтамасыз ету. Сондай-ақ клиенттерді аутрич-қызметкерлері арқылы достық кабинеттеріне, ЖЖБИ-ға тексеруге және консультациялар алу үшін мамандарға жіберу бойынша жұмысты жалғастыру. Бұл қызмет өткен жылы оң нәтиже көрсетті. медицина Наркологиялық қызметтің медицина қызметкерлеріне мотивациялық кеңес беруді жақсарту үшін ағымдағы жылы оқыту ұйымдастырылатын болады. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы