ТВД және Достық кабинетерінің жұмыс қорытындысы шығарылды

ТВД және Достық кабинетерінің жұмыс қорытындысы шығарылды

24 қаңтарда Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері қалалық тері-венерологиялық диспансердің (КВД) және достық кабинеттерінің (ДК) әріптестерімен 2022 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығару бойынша кеңес өткізді.

Қатысушылар, қаладағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алды. Қорытындылары: Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы А. Табинова - нәтижелер, жетістіктер, проблемалық мәселелерді өз презентациясында ұсынды. А. Туржанова жиналғандарды ДК-де АИТВ-инфекциясына тексерудің негізгі көрсеткіштерімен таныстырды. "Зиянды азайту" бағдарламасы бойынша Алматы қаласының алты емханасында Достық кабинеттер жұмыс істейді. Оларда негізгі топтағы пациенттерге АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ, АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандары жайында, тестілеу туралы ақпарат тегін негізде беріледі. Өтініш білдірген адамдар презервативтермен, ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда адамдар тері-венерологиялық диспансерге жіберіледі. Қатысушылар ағымдағы жылға арналған ДК жұмысының басым міндеттерін анықтады. Олардың ішінде: -✅ халықтың барлық негізгі топтары үшін экспресс-тестілеуді ұйымдастыру (НТ), -✅ барлық негізгі топтары (НТ) қамтуды ұлғайту, -✅ байланысқа дейінгі профилактика бойынша жұмысты жалғастыру. #ЖОКСПИД2030

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы