Диалог алаңына қатысу

Диалог алаңына қатысу

Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері 2-3 ақпанда Алматыда мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың өзара іс-қимылын, әріптестігін нығайту жөніндегі диалог алаңына қатысты.

Ұйымдастырушы - ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін жаһандық қормен серіктестікте ҚДИАҒО. Қатысушылар АИТВ - инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің, қызметтерді кеңейтудің, ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Талқылау барысында алматылықтардың оң тәжірибесін атап өттіі. Тестілеумен қамтуды кеңейту бойынша тиімді онлайн-құралдардың бірі болып, Алматы қаласы ЖИТС орталығымен ынтымақтастықта iCAP енгізген өзін-өзі тестілеуге арналған тесттерге тапсырыс беру сервисі танылды. Қатысушылар ҮЕҰ базасында профилактикалық қызметтерді кеңейту мүмкіндіктерін, үкіметтік емес ұйымдар мен түйінді топтардың ЖИТС орталықтарымен өзара іс-қимылының кедергілерін, ҮЕҰ-ның байланысқа дейінгі профилактиканы танымал етуге қосқан үлесін талқылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу шеңберінде АИТВ бағдарламаларын қаржыландырудың тұрақты тетіктерін нығайту тақырыбы ерекше пікірталас тудырды. Жақын арада АИТВ, гепатит, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуды кеңейтудің аралас әдістеріне қолжетімділікті жақсарту жоспарлануда. Қазіргі заманғы тәсілдерді пайдалана отырып, халықтың барлық негізгі топтарына байланысқа дейінгі профилактиканы ұсыну және АИТВ-ға тестілеу ауқымын кеңейтуге назар аударылады. ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарына сәйкес бірқатар нормативтік құжаттарды қайта қарау, нұсқаулықтарды, АИТВ-ны емдеу хаттамаларын жаңарту жоспарлануда. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы