Перзентхана акушерлеріне арналған семинар

Перзентхана акушерлеріне арналған семинар

Алматы перзентханаларының қабылдау бөлімшелерінің акушерлері 7 ақпанда ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырған семинарда білімдерін толықтырды.

Профилактика бөлімінің маманы А. Заурбекова қатысушыларды медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, ҚР ДСМ және Алматы қаласы ҚДСБ негізгі регламенттеуші құжаттарымен таныстырды. Дәрігерлер АИТВ алдын алудың маңызды мәселелері бойынша толық ақпарат алды : -? АИТВ-ға жедел тестілеу, -? психоәлеуметтік кеңес беру, -? қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері, -? АИТВ-мен байланысты авариялық жағдай болған кезде медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне. Акушерлер контактіден кейінгі профилактикамен - ықтимал инфекциядан кейін АИТВ қаупін азайту мақсатында антиретровирустық препараттарды қабылдаудың қысқа курсымен таныстырылды. Дәрігер -гинеколог М. Шоқыбаева өз презентациясында, АИТВ-ның анадан балаға берілуін алдын алу, АИТВ-инфекциясы кезінде жүктілікті, босануды, босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу ерекшеліктеріне тоқталды. АИТВ-мен ауыратын әйелдерге қатысты стигма мен кемсітушілік туралы әңгіме көптеген сұрақтар туғызды, ЖИТС орталығының мамандары толық жауап берді. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы