Денсаулық апталығына қатысу

Денсаулық апталығына қатысу

Алматы қ. ЖИТС орталығының дәрігерлері 8 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде денсаулық апталығына қатысты.

Орталық қызметкерлері бірінші курс студенттерінің алдында АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша дәрістер оқыды. Дәрігерлер оқушыларды АИТВ-ның жұғу жолдарымен, инфекциядан қорғану тәсілдерімен таныстырды. Тыңдаушылар АИТВ-ның қалай берілмейтіні туралы ақпаратты білді. Дәрігерлер, адамның АИТВ жұқтырғанын немесе жұқтырмағанын білудің ең оңай және кең таралған әдісі - иммунитет тапшылығы вирусына антиденелердің бар - жоғын тексеру екенін айтты. Тестті ЖИТС орталығында немесе тіркелген емханада жасауға болады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік туралы маңызды әңгіме болды. Студенттердің өздері неге адамдарды стигматизацияламау керек және толеранттылық таныту керек деген дәлелдер келтірді. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы