Медбикелерге арналған семинар

Медбикелерге арналған семинар

14 ақпанда Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері сенім пункттері мен достық кабинеттерінің медбикелеріне семинар өткізді.

Қатысушылар сенім пункттері мен достық кабинеттерінде, АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, ҚР ДСМ және Алматы қ.ҚДБ негізгі регламенттеуші құжаттарымен танысты. Семинардың маңызды тақырыптары: -? АИТВ-ға тестілеуге дейін және одан кейін психоәлеуметтік кеңес беру. -? АИТВ-ға тексеруге көрсеткіштер. -? АИТВ-ға жедел тестілеу. -? Байланыстан кейінгі профилактика. Қатысушылар АИТВ-мен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы нұсқаулар алды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы әңгіме өзекті болды. Бүгінде Алматыда, халықтың негізгі топтары а расында АИТВ-ны алдын алуды арттыру үшін, 19 сенім пункті жұмыс істейді, "зиянды азайту" бағдарламасы бойынша алты емханада Достық кабинеттер жұмыс істейді. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы