Медиктер үшін АИТВ-ны алдын алудың маңыздылығы

Медиктер үшін АИТВ-ны алдын алудың маңыздылығы

Алматы қаласы ЖИТС орталығының дәрігерлері 3 наурызда, қалалық тері-венерологиялық диспансердегі семинарда АИТВ – инфекциясын алдын алу бойынша білімнің маңыздылығы туралы айтты.

Дәрігер-эпидемиологтар А. Заурбекова мен Қ. Аралбаева әріптестерін әлемдегі, республикадағы және қ аладағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Жаттықтырушылар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті медициналық тексеру қағидаларына" сәйкес, АИТВ-ғ а тексеру бойынша медициналық ұйымдарда жұмысты ұйымдастыру жөніндегі негізгі регламенттеуші құжаттары туралы айтып берді. Талқылау өзекті тақырыптарға айналды : -✅ АИТВ және қайталама аурулар, -✅ Антиретровирустық терапия, -✅ Қан алу алгоритмі, -✅ Тестілеуге дейін және одан кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру. Қатысушылар төтенше жағдай туындаған жағдайда, медициналық қызметкерге қалай әрекет ету керектігі, байланыстан кейінгі профилактиканы қалай қолдану керектігі туралы толық нұсқаулар алды. Сондай-ақ, семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы айтылды. АИТВ-мен ауыратын науқастарды басқару кезінде этика мен деонтология бұған жол бермейді. #ЖОКСПИД2030 #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы