АИТВ туралы білім

АИТВ туралы білім

АИТВ - инфекция

Студенттергеі - АИТВ туралы білім 16 наурызда Алматы қаласы ЖИТС орталығының әлеуметтік қызметкері Мадина Үсенқұл, Алматы технологиялар және флористика колледжінің бірінші және екінші курс студенттеріне АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өткізді. Дәрісте студенттер, медициналық мекемелерде тестілеу әдістері, оны қайдан алуға болатындығы, өзіңнің және жақын адамдарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарау неліктен маңызды екендігі туралы ақпарат алды. Қатысушылардың барлығы АИТВ-мен ауыратын әйелдің антиретровирустық терапия қабылдаса, салауатты өмір салтын ұстанса және дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындаса, дені сау бала туа алатынын білмеді. - АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары туралы білім, біздің жастарға өте қажет. Өкінішке орай, барлық ұлдар мен қыздар вирустың қалай берілетінін және қалай берілмейтінін, неге АИТВ-ның мәртебесін білу керектігін білмейді, - дейді Мадина Үсенқұл. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, білім алу - қазіргі жастардың басты басымдықтары. АИТВ-ның алдын алу туралы білім жастарға одан әрі табысты, салауатты, толыққанды өмір сүру жоспарларын жүзеге асыруға көмектеседі.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы