Студенттерге АИТВ - алдын алу туралы
17 наурызда Алматы техникалық колледжінің бірінші курс студенттері АИТВ - инфекциясының алдын алу шараларымен танысты.
17 наурызда Алматы техникалық колледжінің бірінші курс студенттері АИТВ - инфекциясының алдын алу шараларымен танысты. Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері дәріс өткізіп, АИТВ-ның жұғу жолдары туралы әңгімеледі. Ұлдар мен қыздар АИТВ-ның ЖИТС –тан айырмашылығы неде екенін және инфекциядан қорғану шараларын білді , олардың арасында: 📌-бір жыныстық серіктеске адал болу, кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту, әр жыныстық қатынас кезінде презерватив қолдану. 📌- есірткі мен басқа да психоактивті заттарды қолданудан бас тарту. 📌- салауатты өмір салты. АИТВ-инфекциясының бар-жоғын сыртқы белгілері бойынша анықтау мүмкін емес. АИТВ-ға тест - бұл вирустың қанда бар-жоғын білудің жалғыз сенімді әдісі. Тестілеу және кеңес беру емханада немесе ЖИТС орталығында тіркелген жері бойынша жүргізіледі. Студенттер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік туралы көптеген сұрақтар қойды. Жастар адамның ауруына байланысты стигматизациялауға және кемсітуге болмайтынына сенімді. #ЦентрСПИДАлматы