Туберкулезсіз болашақ

Туберкулезсіз болашақ

20 наурызда Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өтті..

Туберкулезсіз болашақ 20 наурызда Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар - Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері және ЖИТС орталығының қызметкерлері. Интерндер "Туберкулезсіз болашақ" тақырыбында презентациялар мен баяндамалар дайындады. У. Дәуренов "Туберкулезге жоқ деп айтайық" атты баяндама жасады. Д. Сүйінбай аурудың этиологиясы, патогенезі және диагностикалау әдістері туралы айтып берді. Б. Исраилов пен Н. Сайфулланың баяндамасының тақырыбы - Туберкулез: клиникасы, емдеу және алдын алу. Болашақ дәрігерлер дөңгелек үстелге шығармашылық көзқараспен қарады. Олар қызықты блиц викторина "туберкулез туралы не білеміз" және тақырыптық кроссворд дайындады . Іс-шараның осы компоненттерінің арқасында қатысушылар ауруға байланысты проблемалық мәселелерді талдады. Туберкулез - адам ағзасына Кох таяқшаларының түсуіне байланысты пайда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қауіптілігі, ол тыныс алу жүйесінің мүшелеріне әсер етеді. Туберкулезге сүйектер, тері, лимфа, несеп-жыныс, жүйке, лимфа жүйесі және басқа органдар мен жүйелер де сезімтал. #ЦентрСПИДАлматы #будущеебезтуберкулеза #неттуберкулёзу

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы