Халықаралық конференцияға қатысу

Халықаралық конференцияға қатысу

Халықаралық конференцияға қатысу Алматы қ. ЖИТС орталығының дәрігерлері 7-8 сәуірде, "Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастық"ҚБ өткізген ,"Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы" II Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясында шағын тренинг пен консультациялар өткізді.


Жастар секциясы белсенділік көрсетті. Бұл өте маңызды болды. Өйткені, жастар-халықтың ең белсенді бөлігі, сондықтан олар АИТВ-ны алдын алу туралы хабардар болуы қажет. Дәрігерлер АИТВ жұқтыру жолдары мен вирустан қорғау шаралары туралы айтты. Талқылаудың маңызды тақырыбы АИТВ-ға тестілеу болды. Бұл сіздің денеңізде вирус бар-жоғын білудің жалғыз жолы. Дәрігерлер тестілеудің қажеттілігін, оны жасауға болатын түрлерін түсіндірді. Елде өздігіңнен пайдалануға арналған жедел тесттер бар. Олар сілекей арқылы жасалады. Нәтиже 15-20 минуттан кейін дайын болады. Дәрігерлер, ең бастысы, алдын алу негіздерін білу, салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығың мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтті. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧ Казахстанская Ассоциация по половому и репродуктивному здоровью - КМПА

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы