АИТВ туралы білім міндетті!

АИТВ туралы білім міндетті!

11 сәуірде, Жаңа ғасыр 175 мектеп-гимназиясының оқушылары АИТВ-инфекциясы туралы жаңа білім алды. Оқушылар үшін АИТВ алдын алу туралы дәрісті Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Н.Әмірова оқыды.


Дәрігер, өз дәрісінде инфекцияның берілу жолдары, АИТВ-ның ЖИТС-тен айырмашылығы туралы егжей-тегжейлі айтты. Интерактивті түрде АИТВ – инфекциясы берілмейді деген жағдайлар талданған. Жасөспірімдер сұрақтар қойып, оларға жауап алды. - Көлікте ине шаншудан АИТВ жұқтыруға болады деген рас па? -✅ "Жоқ, бұл жағдайда қауіп жоқ, өйткені жұқтыру үшін иненің ұшындағы вирустың мөлшері жеткіліксіз , сонымен қатар ол сыртқы ортада тез өледі". - Маған екпе алған кезде АИТВ жұқтыруым мүмкін бе? -✅ "Жоқ, вакцинациядан АИТВ жұқтыруға болмайды. Әр пациентке дәрігер инъекцияны бір реттік шприцпен жасайды, ол процедурадан кейін зарарсыздандырылады ж әне лақтырылады". Тек АИТВ-инфекциясы туралы білім және сақтық шараларын сақтау, адамды АИТВ-дан қорғауға қабілетті! #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧ

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы