Жалпы ұлттық патриоттық диктант

Жалпы ұлттық патриоттық диктант

Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының 32 қызметкері "Еркін елдің ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктантын жазуға қатысты.

Диктант бүкіл елде, мамыр мерекелері қарсаңында өткізілді. Диктант жазудың мақсаты-Отанға деген сүйіспеншілікті, мақтаныш пен патриотизм сезімін, өз мәдениетіне, халқына, жеріне, ата-анасына деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму, білім, ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырды. ЖИТС орталығының дәрігерлері, медбикелері, зертханашылары бүкіл халықпен бірге диктант жазды. "Қазақстан үшін тәуелсіздік-бұл күтпеген сыйлық емес, бостандыққа ұмтылған халқымыздың табанды рухының жеңісі", - деп жазды қатысушылар. #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы