АИТВ алдын алу бойынша семинар

15 мамырда Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігерлеріне арналған семинар өткізді.

Семинар АИТВ - инфекциясын алдын алуға арналды. ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы айтып берді. Қатысушыларға Алматыдғы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай ұсынылды. Тренерлер қатысушыларды "Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті медициналық тексеру қағидаларына"сәйкес АИТВ-ға тексеру бойынша медициналық ұйымдарда жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР ДСМ және Алматы қ.ҚДБ негізгі регламенттеуші құжаттарымен таныстырды.


Семинар аясында жеке сессиялар өзекті тақырыптарда өтті:
✅- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілік,
✅- төтенше жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері,
✅- байланыстан кейінгі профилактика,
✅- пациенттерге қатысты этика.
#ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы