АИТВ-ны алдын алу бойынша ҮЕҰ-мен дөңгелек үстел

АИТВ-ны алдын алу бойынша ҮЕҰ-мен дөңгелек үстел

Мамырдың үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде өткізілетін ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні қарсаңында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.


Бүгінгі еске алу күні - бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына қарсы тұруға, АИТВ проблемасына, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мүдделеріне жұртшылықтың назарын аударуға дайындығы мен тілегін көрсету мүмкіндігі. Осы бағыттарды іске асыруда ЖИТС орталығының дәрігерлерімен бірлесіп халықтың негізгі топтарымен үлкен жұмыс жүргізетін ҮЕҰ-ның рөлі жоғары. Алматыда бүгінде АИТВ – инфекциясын алдын алуға, АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті еңсеруге, жастар мен халық арасында білімді насихаттауға байланысты түрлі жобаларды іске асыратын 10-нан астам АИТВ-сервистік ҮЕҰ бар. Қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелерімен және оның тиімділігін төмендететін мәселелермен бөлісті. АИТВ індетін бақылаудың Алматы моделі жобасының жетекшісі М. Сауранбаева ҮЕҰ мен ЖИТС орталығы арасында үнемі ақпарат алмасудың маңыздылығы , пациенттермен командалық жұмыс тәжірибесі т уралы айтып берді. Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының директоры А. Терлікбаева краудсорсинг негізінде жобаларды іске асыруда табысты әріптестік нәтижелерін ұсынды. "Равный-равной" қоғамдық бірлестігінің жас қызметкерлері мен еріктілері жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс тұжырымдамасын ұсынды. "Afew Қазақстан" қоғамдық қорының жобалар жетекшісі А. Ли "жастарды гендерлік теңсіздік пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жұмылдыру" жобасының аралық нәтижелері туралы айтып берді. АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша белсенді жұмысы үшін үздік ҮЕҰ алғыс хаттармен марапатталды. - Бүгін біз: мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар бір мақсатпен - АИТВ-ның таралу қарқынын төмендету және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікпен жұмыс істейміз. Тиімді ынтымақтастықтың арқасында біз өзекті мәселелерді бірге шешеміз. Алдағы уақытта да біздің ынтымақтастығымыз нығайғанын қалаймын - деп атап өтті дөңгелек үстел соңында Алматы қаласы ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары А. Денебаева. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы