Дәрігерлерге арналған семинар

25 мамырда Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері "Фтизиопульмонология орталығы"ШЖҚ МКК медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Дәрігер-эпидемиолог - Қ. Аралбаева және инфекционис т -дәрігер А. Әлімбекова жиналғандарды қала мен елдегі АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды

Жаттықтырушылар дәрігерлерге ҚР ДСМ және Алматы қаласы ҚДБ АИТВ - инфекциясына қатысты негізгі регламенттеуші құжаттары туралы айтып берді. Қатысушылар "Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті медициналық тексеру қағидаларына"сәйкес АИТВ-ға тексеру жөніндегі медициналық ұйымда жұмысты ұйымдастыру туралы тақырыпты егжей-тегжейлі талқылады.



Семинардың басқа да маңызды аспектілері:
✅- АИТВ-инфекциясы және қайталама аурулар.
✅- Антиретровирустық терапия.
✅- АИТВ-ға қан алу алгоритмі.
✅- АИТВ-ға тексерілмес бұрын пациенттерді кодтау.
✅- АИТВ-ға тестілеуге дейін және одан кейін психоәлеуметтік кеңес беру.
ПСК мақсаттарымен міндеттері. Қатысушылар жаттықтырушылармен бірлесіп, медициналық қызметкерлердің ықтимал авариялық жағдайлары мен іс-әрекеттерін, сондай-ақ байланыстан кейінгі профилактиканы қолдануды талдады.
#ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы