АИТВ туралы өзекті білім

26 мамырда 11 мекеме қызметкерлері үшін АИТВ - инфекциясының алдын алу туралы семинар өтті.

Алматы қаласы ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Перваева қатысушыларға АИТВ-ның ЖИТС-тен қалай ерекшеленетінін айтып, сондай-ақ қаладағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Семинардың өзекті тақырыптарының бірі - АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.


Мекеме қызметкерлері АИТВ жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтары туралы ақпарат алды. Алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін семинарда АИТВ жұқтыру жолдары және вирустан қорғау шаралары туралы сұрақтармен викторина өткізілді. Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы семинарлар мен тренингтерді педагогтар, полицейлер, дәрігерлер, бизнес-құрылымдар және басқа да ұйымдар үшін үнемі өткізеді. Егер сіз қызметкерлеріңізбен ұйымыңыздың АИТВ туралы білімін жақсартқыңыз келсе, бізге хабарласыңыз! #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы