Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлеріне арналған семинар

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлеріне арналған семинар

30 мамырда No24 қалалық емханада түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлері Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында өткен семинарда АИТВ-ның алдын алу дағдылары бойынша білімдерін толықтырды.


ЖИТС орталығының тренер – эпидемиологтар қатысушыларды АИТВ-ның эпидемиялық жағдайымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының негізгі заңнамалық құжаттарымен таныстырды. Семинардың негізгі тақырыбы – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі арнайы контингентті АИТВ-ға тестілеу. АИТВ-ға тестілеуден бұрын және одан кейін психоәлеуметтік кеңес не үшін қажет, аналитикалық кезең қандай, АИТВ-ға қан алудың алгоритмі қандай? Семинарға қатысушылар осы және басқа да сұрақтарға жауап алды. Іс-шарада төтенше жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне және әсер етуден кейінгі профилактикаға ерекше назар аударылды. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы