2023 жылдың 12 маусымы – жалпыұлттық аза тұту күні

2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еске салайық, Абай ауданындағы ауқымды орман өрті салдарынан 14 адам қаза тапқан болатын. Өртті сөндіру жалғасуда.


Жалпыұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, шетелдік дипломатиялық мекемелердің ғимараттарында тулар жартылай ілінеді. Ойын-сауық іс-шаралары мен телерадио бағдарламаларды тарату тоқтатылды. Біздің ұжым қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы