Жарты жылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды

Жарты жылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды

14 маусымда Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері, тері-венерологиялық диспансердің және аутрич-қызметкерлерінің жартыжылдықтағы бірлескен жұмыстарының қорытындылары талқылады.


ЖИТС орталығының қызметкерлері - эпидемиология бөлімінің меңгерушінің м.а. -Б. Табинова, дерматовенеролог-дәрігер А. Туржанова, эпидемиолог-дәрігерлер К. Аралбаева және Б.Органов кеңеске қатысушыларды АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және бірлескен жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Бүгінде қалада зиянды азайту бағдарламасы бойынша алты Достық кабинет жұмыс істейтіні атап өтілді. Олардың ішінде негізгі топтардың өкілдері, соның ішінде секс-жұмыскерлері, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар ЖЖБИ, АИТВ-ға тексеріліп, презервативтер және кеңес ала алады. Қатысушылар АИТВ-ны алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында, оның ішінде байланысқа дейінгі топтардың өкілдерін қамтуды ұлғайту қажет деген қорытындыға келді. ЖЖБИ диагностикасы, кеңес беру және емдеудің артықшылықтарын кеңінен насихаттау. Сондай-ақ , профилактикалық жұмысты арттыру үшін, ЖИТС орталығының көшпелі тобымен , секс қызметкерлері жиналатын орындарға баруды жалғастыру. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы