Дәрігерлер бірлескен жұмысты қорытындылады

Дәрігерлер бірлескен жұмысты қорытындылады

17 шілдеде Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында психикалық денсаулық орталығының және сенім пункттерінің мамандарымен бірлескен жұмысты қорытындылады.


ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері - Б.Табинова, А. Заурбекова, К. Аралбаева және П. Күмісбек қаладағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, инфекцияның даму үрдістері және оны төмендету шаралары туралы айтып берді. Қатысушылар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Бүгінде қалада халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ны алдын алуды арттыру үшін 19 сенім пункті жұмыс істейді. ИЕҚА – мен жұмыс істеуге 30 аутрич қызметкерлері тартылған. Олар үшін ЖИТС орталығының дәрігерлері үнемі тренингтер мен семинарлар өткізеді. Бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру үшін медицина қызметкерлері ұсыныстарды талқылады. Сондай-ақ, клиенттерді аутрич қызметкерлері арқылы ЖЖБИ-ға тексеру және консультациялар алу үшін достық кабинеттеріне мамандарға жіберу бойынша жұмысты жалғастыру керек деген шешім қабылданды. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы