ҚАЖД-мен жұмыс қорытындысы

ҚАЖД-мен жұмыс қорытындысы

7 тамызда Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлеріен ҚАЖД қызметкерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды.

Қатысушылардың бірлескен жұмыс нәтижелерімен ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Б. Табинова таныстырды. Ол ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының төмендеу үрдісін атап өтті. Бас бостандығынан айыру орындарында анықталу көрсеткіші де 2022 жылмен салыстырғанда төмендеуде. Бұл АИТВ-ға тексерулер санының артуы аясында. Профилактика бойынша арнайы контингентті білім беру жұмысымен қамту артып келеді. Дәрігерлер қызметкерлер мен арнайы контингент үшін вирустың таралу жолдары мен қорғау шаралары туралы дәріс оқиды, ақпараттық-білім беру материалдарын таратады. Проблемалық мәселелердің ішінде кеңеске қатысушылар АИТВ-ға тексеруді, әсіресе сотталғандарды босатар алдында бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Әлімбекова туберкулездің химиопрофилактикасы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың антиретровирустық терапияға бейімділігін арттыру бойынша ұсынымдар ұсынды. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы