Қаланың қан орталықтарымен және медициналық ұйымдарының трансфузиологтарымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстың қорытындысы

Қаланың қан орталықтарымен және медициналық ұйымдарының трансфузиологтарымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстың қорытындысы

9 тамызда Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қан орталықтарымен және қаланың медициналық ұйымдарының трансфузиологтарымен бірлескен жұмысты қорытындылады.

Қан мен оның компоненттерінің, жыныс жасушалары мен эмбриондардың, тіндер мен мүшелердің донорлары үнемі дәрігерлердің назарында болады. Сондай - ақ, алушылар қатаң медициналық бақылауда. Мамандар АИТВ-ға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша донорларды, рецепинтерды, қан аурулары ұзаққа созылған және гемодиализдегі адамдарды тексеру мерзімдерін нақтылады: -✅ биоматериал донорлары - АИТВ-инфекциясына зерттеп-қарау күнінен бастап, алу операциясына дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде; -✅ биоматериал реципиенттері - АИТВ-ға зерттеп-қарау күнінен бастап транспланттауға немесе гемотрансфузияға дейін және 1 және 3 айдан кейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде; -✅ тұрақты гемотрансфузия алатын ұзақ мерзімді қан ауруы бар адамдар диагноз қойылған кезде және одан әрі әрбір 6 ай сайын АИТВ-ға тексерілуге жатады; -✅ гемодиализдегі адамдар - әр 6 айда. Қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылады, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар қабылданды. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы