18 тамызда Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында диспансерлік бөлім дәрігерлеріне арналған семинар – тренинг өтті.
ТІс-шараның тақырыбы өзекті - «АИТВ-инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарға көмектесу».
Колумбия университетінің ICAP мамандары қазақстандық әріптестерімен тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті: Андреа Ховард, Қоғамдық денсаулық сақтаудың Mailman мектебінің клиникалық және оқу департаментінің директоры және Эллен Моррисон, клиникалық және оқыту департаментінің аға техникалық маманы. Семинар-тренингке қатысушылар әлемдегі АИТВ-инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарға көмек көрсетудегі, оның ішінде күтім мен емдеудегі соңғы жаңалықтармен танысты. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz