10 қарашада Алматы қаласындаДүниежүзілік ЖИТС-кеқарсыкүрескампаниясыбасталады»

10 қарашада Алматы қаласындаДүниежүзілік ЖИТС-кеқарсыкүрескампаниясыбасталады»

Дүниежүзілік ЖИТС-кеқарсыкүрескампаниясыаясында "Өз статусыңдыбіл" айлығы Алматы қаласында 10 қараша мен 10 желтоқсанаралығындаөтеді.
ЮНЭЙДС бастамасы бойынша қазіргі кампания өз мәртебесін білуге қаншалықты маңызды екенін және АИТВ-ға тестілеу қолжетімділігін саласындағы барлық кедергілерді жоюға бағытталған. Бұл АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдарды салауатты және толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Бұл 90-90-90 нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін болады: 90% АӨСА өз мәртебесін біледі; АИТВ-инфекциясы диагнозы бар адамдардың 90% антиретровирустық терапияны (АРТ) алатын болады; АРТ алатын адамдардың90% вирустық басуы болады.
- Көптеген адамдар аурудың белгілері байқалғанда ғана АИТВ-ға тексеріледі. Біз жылына екі рет тестілеуге кеңес береміз. Тестілеу арқылы өзінің АИТВ-мәртебесін білу аурудың алдын алудың басты міндеттерінің бірі және дер кезінде емдеуді бастау мүмкіндігі болып табылады. Алматылықтар үшін АИТВ - ға тестілеу тегін, анонимді және тіркелген жері бойынша емханаларда құпия тестілеуден өтуге болады, - дейді Алматы қ.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марат Тукеев.
Алматы қ.ЖИТС орталығында сапалы және шынайы зерттеу жүргізу үшін ең үздік әлемдік стандарттар деңгейінде барлық қажетті заманауи жабдықтар бар. Медициналық персонал тиісті оқудан өтті.
Алматылықтар арасында АИТВ-ға шығу арқылы экспресс-тестілеу өте танымал. Науқанды өткізу барысында бұл қызметті қаланың бизнес-құрылымдарының қызметкерлері мен студенттері пайдаланады. Айлық күндері ЖИТС орталығының мобильді зертханасы іс-шаралар кезінде де жұмыс істейтін болады. Қала тұрғындары өз мәртебесін 15 минут ішінде біле алады. 12 қарашада Арбатта " Кемсітушілікке жол жоқ!" акциясы өтеді. Экспресс-тестілеу акциялары халықтың негізгі топтары үшін түнгі клубтарда және қонақ үйлерде өтеді. Қараша айының бір күнінде қала бойынша арнайы Денсаулық автобусы қатынайтын болады,онда әрбір ниет білдіруші өз мәртебесін біліп, мамандардың кеңестерін ала алады.
АИТВ-ны жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы ақпараттандыруды арттыру және тестілеуді көпшілікке тарату үшін Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері, педагогтар, әскери қызметшілер, қылмыстық – атқару жүйесінің қызметкерлері, аутрич-қызметкерлер үшін тренингтер мен семинарлар өткізеді. Бесінші желтоқсан күні С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері, медицина қызметкерлері мен қауымдастық мүшелері үшін Литвадан келген атақты профессордың мастер-классы өткізіледі.
Дүниежүзілік науқанды өткізу бойынша Алматы қ.ЖИТС орталығының серіктестері арасында – Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы, ЮНЭЙДС, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардыңқазақстандықодағы, "Communityfrends", "Реванш" қоғамдық қорлары, АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер қоры, "Сау болашақ" көшбасшылар одағы ҚБ және басқалар.
2018 жылдың бірінші қарашасында Алматы қ. ЖИТС орталығында 2945 АӨСА есепте тұр. Соңғы жылдары жыныстық қатынас арқылы берілу жолының өсу үрдісі байқалды. 2018 жылдың тоғыз айында жыныстық жолмен берілу 72%, есірткіні көктамыр ішіне тұтыну факторымен парентеральды жолмен берілу -27,0%. Пресс-служба Центра СПИД г.Алматы
Контакт: Марина Максимова +7 777 225 4601
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы