Медицина және ҮЕҰ қызметкерлерінің білімгерлермен кездесу


Медицина және ҮЕҰ қызметкерлерінің білімгерлермен кездесу

Алматыда медицина және ҮЕҰ қызметкерлерінің білімгерлермен кездесу 2023 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласы ЖИТС орталығының және AFEW Kazakhstan медицина қызметкерлерінің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде география факультетінің студенттерімен кездесуі өтті.

Тақырыбы - АИТВ-ның алдын алу және қорғану шаралары - жастар үшін өзекті тақырып. 60 ұл мен қыз АИТВ жұқтыру жолдарын біліп, инфекцияның қалай берілмейтіні туралы ақпаратпен танысты. П. Күмісбек - дәрігер-эпидемиолог Алматыда АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Дәрігер АИТВ-ға тестілеудің неліктен маңызды екенін айтып кетті, бұл өз және жақындарының денсаулығы үшін жауапты көзқарасты және қамқорлықты білдіретіні туралы айтты. Кездесудің ерекше тақырыбы - АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу. Стигма АИТВ-инфекциясының таралуына ықпал етеді. Елімізде АИТВ-ны емдеу қызметтері қол жетімді, антиретровирустық терапия тегін көрсетіледі. Жастар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы