БДП бойынша семинар-тренинг


БДП бойынша семинар-тренинг

БДП бойынша семинар-тренинг Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері медициналық ұйымдар мен достық кабинеттердің қызметкерлеріне байланысқа дейінгі профилактика бойынша қызмет көрсету бойынша семинар - тренингке қатысты.

Іс-шара, 7 қарашада АИТВ саласында қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлерін жұқтыру қаупін азайту мақсатында , БДП ұсыну үшін қажетті білімдер және дағдылармен қамтамасыз ету мақсатында ICAP өткізді. Қатысушылар БДП негіздерімен, профилактиканың осы түрі үшін клиенттердің сәйкестік өлшемдерімен, сондай-ақ ДДҰ-ның соңғы ұсыныстарымен танысты. Тренер дәрігер-эпидемиолог Г. Ахметова ЖИТС орталығында, ҮЕҰ-да, жеке медициналық ұйымдарда БДП –ға алғашқы және кейінгі келу, қызмет алу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Байланысқа дейінгі профилактиканың жанама әсерлерін бақылау және басқару сессиясы медицина қызметкерлеріне көптеген сұрақтар туғызды. Қатысушылар алған білімдерін практикалық сабақтарда бекітті, олар ситуациялық есептер түрінде ұсынылды. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы