Жастарға арналған интерактивті дәріс Алматыда


Жастарға арналған интерактивті дәріс Алматыда

Жастарға арналған интерактивті дәріс Алматыда Дүниежүзілік ЖИТС –пен күрес күніне арналған «Көшбасшылық-қоғамдастықтарға» ұранымен өтетін науқан жалғасуда.

Жастарға арналған интерактивті дәріс Алматыда Дүниежүзілік ЖИТС –пен күрес күніне арналған «Көшбасшылық-қоғамдастықтарға» ұранымен өтетін науқан жалғасуда. Алматы ЖИТС орталығының дәрігерлері белсенділермен бірлесіп жастармен дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізіп жатыр. 2023 жылғы 22 қараша күні Алматы технологиялық университетінің студенттері мен Инновациялық техникалық колледжінің оқушылары үшін ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы К. Аралбаева «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» Қоғамдық бірлестігінің белсенділерімен бірлесіп интерактивті түрде дәріс ұйымдастырды. Студенттер мен оқушылар АИТВ жұқтыру жолдарымен және қорғану шараларымен танысты. Викторина түрінде олар денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, стигманы жою және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік туралы өзекті сұрақтарға жауап берді. 170-тен астам жігіттер мен бойжеткендер пайдалы білім алды. Кампания жалғасуда! #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы