Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында «Ашық есік күні»


Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында «Ашық есік күні»

Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында «Ашық есік күні» өтті. 24 қарашада Алматы қаласының ЖИТС орталығы «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» ұранымен өтетін Дүниежүзілік науқан аясында қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырды.

Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында «Ашық есік күні» өтті. 24 қарашада Алматы қаласының ЖИТС орталығы «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» ұранымен өтетін Дүниежүзілік науқан аясында қала тұрғындарын «Ашық есік күніне» шақырды. Таңертең қатысушыларды медицина қызметкерлері күтіп алды. Әрбір алматылық үшін бұл сапар пайдалы болды. 63 адам АИТВ-ға тестілеуден өтті. Тестті ИХЛА/ИФА және экспресс әдістерімен тапсыру мүмкіндігі болды. Екінші жағдайда, өзіңіздің АИТВ-мәртебеңізді 20 минут ішінде біле аласыз. Барлық тестіленушілермен медициналық қызметкерлер тестке дейін кеңес беріп, сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер қол жетімді түрде тілек білдірушілерге вирустың таралу жолдары мен қорғаныс шаралары туралы айтып, ақпараттық парақшаларды таратты. Пайдалы танымдық ақпаратты Орталықта көрсетілген бейнероликтерден алуға болады. АИТВ - мен өмір сүретін адамдар үшін онкологиялық дәрігерлер, гепатолог және дерматовенеролог қабылдау жүргізді. Дәрігерлер барлығы 62 адамға кеңес берді. #ЦентрСПИДАлматы #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы