27 қарашада «Алматы-2» вокзалында 50 адам өзінің АИТВ-мәртебесін білді


27 қарашада «Алматы-2» вокзалында 50 адам өзінің АИТВ-мәртебесін білді

27 қарашада «Алматы-2» вокзалында 50 адам өзінің АИТВ-мәртебесін білді. ЖИТС орталығының дәрігерлері «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұранымен өтетін Дүниежүзілік науқан аясында АИТВ-ның алдын алу бойынша экспресс- тестілеу және ақпараттандыру науқанын өткізді.

Олар АИТВ-дан қалай қорғану керектігін айтып, неге үнемі тексеріп отыру керек деген және басқа да сұрақтарға жауап берді, ақпараттық буклеттер табыстады. Барлық ниет білдірушілер экспресс-тестілеуден және тестілік және тесттен кейінгі кеңес беруден өтті. Пойызды күте отырып, 20 минут ішінде әрқайсысы өз нәтижесін білді. - Мен пойызбен жиі жүремін, вокзалдарда көп уақыт өткізуге тура келеді. Ол әрдайым пайдалы болып өтпейді, кей-кезде кітап та, кроссвордтар да көмектеспейді. Ал бүгін күту тез және пайдалы болды. Мен алғаш рет АИТВ-ға тест тапсырдым және денсаулығым жақсы екенін білдім! Осындай науқан үшін медицина қызметкерлеріне рахмет, - деді Көкшетауға сапар шеккен Серікболсын. Экспресс - тестілеу науқандары қаланың әртүрлі бизнес құрылымдарында жалғасуда. Егер сіз мобильді медицина қызметкерлерінің келуін қаласаңыз - Алматы қаласының ЖИТС орталығына хабарласыңыз! Қазақстанда АИТВ-ға тестілеу ерікті, тегін, құпия, қаласаңыз – анонимді түрде жүргізіледі. #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы