Пайдалы және қызықты


Пайдалы және қызықты

27 қарашада Қазақстан-Ресей медициналық колледжінің 50-ден астам оқушысы 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күніне арналған науқанға қатысты.

Барлығы өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге ниет білдірді! Болашақ дәрігерлердің алдында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Амирова дәріс оқыды. Ол АИТВ-ның таралу жолдары мен вирустан қорғану шаралары туралы айтып берді. «Жастар қозғалысы - Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің белсенділері интерактивті түрде викторина өткізді. Студенттер шығармашылықпен айналысып, «АИТВ жұқтырмау жолдары» көрінісін ұсынды. Бұл өте танымды көрініс болды. Сонымен қатар, студенттер АИТВ алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы әлеуметтік роликтерді көріп, талқылады. #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы