№5 емханада өткен «Ашық есік күні»


№5 емханада өткен «Ашық есік күні»

Дүниежүзілік ЖИТС күресу күні қарсаңында Орталықтың қызметкерлері ҮЕҰ өкілдерімен бірге қаланың медициналық ұйымдарында Ашық есік күндерін өткізуде.

27 қараша күні «Ашық есік күні» № 5 емханада ұйымдастырылды. «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығы ЖИТС орталығының іскерлік серіктесі болды. Медицина қызметкерлері емханаға келушілерге АИТВ-ның ЖИТС-нан қалай ерекшеленетінін, қалай берілетінін және қалай берілмейтінін, неге тұрақты тестілеу қажет екенін айтты. Сондай-ақ, сұрақтарға жауап беріп, АИТВ-ға жедел тестілеуден өтуге шақырды. 11 адам тест тапсырды, тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес алды. 20 минуттан кейін әрқайсысы өз нәтижесін білді. Қатысушылар әлеуметтік роликтерді көріп, қолдарына ақпараттық парақшаларды алып, білім алды. #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы