АИТВ-ға жедел тестілеумен дәріс


АИТВ-ға жедел тестілеумен дәріс

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері АИТВ туралы арнайы курстан өтуде.

Сондықтан, қазір Алматыда «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік кампанияға деген қызығушылықтары ерекше. 27 қарашада студенттер Алматы қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлері ұйымдастырған науқанға белсенді қатысты. Алдымен қатысушылар АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс тыңдап, кәсіби сұрақтар қойып, жауап алды, содан кейін дикуссия өтті. Мұнда АИТВ-на экспресс-тестілеу ұйымдастырылды. Барлық ниет білдірушілер өздерінің мәртебесін 20 минут ішінде тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес алу арқылы білді. Елдегі АИТВ-ға тестілеу ерікті, тегін, құпия, қалаған жағдайда – анонимді түрде өткізіледі. #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы