29 қарашада қалалық конференцияға қатысушылар АИТВ-инфекциясын кеш анықтаудың проблемаларын талқылады


29 қарашада қалалық конференцияға қатысушылар АИТВ-инфекциясын кеш анықтаудың проблемаларын талқылады

«Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік кампаниясы аясында іс – шараны ұйымдастырушы - ICAP қатысуымен Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы.

Конференцияның мақсаты: МСАК ұйымдары мамандарының назарын АИТВ кеш анықтау проблемаларына аудару және медицина қызметкерінің бастамасы бойынша АИТВ-на тестілеу санын арттыру. ЖИТС орталығының сарапшы-дәрігерлері АИТВ кеш анықтау көптеген елдерде өзекті мәселе болып табылатыны туралы айтты. Өз мәртебесін білмей өмір сүретін адамдар қымбат уақытты жоғалтады. Өйткені, осы кезеңде АИТВ адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. АИТВ денсаулықтың ауыр проблемалары кезінде, мысалы, герпес, туберкулез, С гепатиті, онкология және басқа да қатар жүретін аурулар өздері туралы белгі берген немесе адам операцияға дайындалып жатқанда анықталып жататын жағдайлар жиі кездеседі. 55 жастан асқан адамдарға ерекше назар аудару қажет. Егде жастағы науқастар АИТВ-мен ұзақ уақыт өмір сүреді. Сонымен қатар, олар бірқатар созылмалы аурулардан зардап шегуі мүмкін, ал дәрігерлер кейде оларды АИТВ-ға тексеруді де ойламайды. Дәрігерлер ЖИТС орталығының тәжірибесінен жеке клиникалық жағдайларды талдады. АИТВ-инфекциясымен бірге жүретін туберкулезді диагностикалау мәселелері және АИТВ-ға тексерудің клиникалық көрсеткіштері егжей-тегжейлі талқыланды. Кез келген жаста АИТВ ны болдырмау үшін сізге келесіні жасау қажет: - мүше қаптарды қолдану және қажет болған жағдайда байланысқа дейінгі АИТВ профилактикасы (PrEP); - 72 сағат ішінде қорғалмаған қауіпті байланыс болған жағдайда-АИТВ-ның байланыстан кейінгі профилактикасына (PEP) жүгіну; - отбасылық жағдайына немесе серіктестер санына қарамастан АИТВ-на үнемі тестілеуден өту; - жүкті және бала емізетін әйелдер үшін - өзін және жыныстық серіктесін тестілеу. #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы