AMEC Talks
Идеялардың күшіне сенетіндер 29 қарашада AMEC Talks пікірталас алаңшасына жиналды.
Әрине, қатысушылардың арасында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері де болды. Талқылайтын нәрсе көп. Алматы қаласы «Көшбасшылық - қауымдастықтарға» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік кампанияға қосылды. Халықтың негізгі топтарының басым мәселелері қандай: еркектермен жыныстық қарым қатынастағы еркектер ме, секс қызметкерлері ме, есірткі пайдаланатын адамдар ма, транс адамдар ма? Қандай қауымдастықтар олардың шешімдеріне әсер ете алады? Бейресми жағдайда өткен пікірталас сенімділікке негіз болды. Көптеген даулар орын алды. Идеялар да жиналып қалған. Медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясын алдын алу туралы айтты, байланысқа дейінгі профилактика туралы бес аңызды жоққа шығарды және тестілеуден тұрақты өтіп тұруға шақырды. ЖИТС орталығының қызметкерлері барлық ниет білдірушілер үшін тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес берумен эеспресс – тестілеуді жүргізді. #Лидерство_сообществам #Көшбасшылық_қоғамдастықтарға #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы