Дүниежүзілік ЖИТС күресу күні


Дүниежүзілік ЖИТС күресу күні

1 желтоқсанда - Дүниежүзілік ЖИТС күресу күні ЖИТС алдың алу жəне оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері "Аяжан" медициналық колледжінде АИТВ туралы пікірталас өткізді.

Іс-шараның басында Орталықтың эпидемиолог-дəрігері Ш.Рысбек оқушыларды əлемдегі эпидемиялық ахуалмен таныстырып, вирустың таралу жолдары туралы ескертті. Қатысушылар топтарға бөлініп, өздерінің білім-дағдыларын көрсетті. Олар баяндама жасады, бір-біріне сауалдар қойып, пікірлерімен алмасты. Балалардың өздері шығарған өлеңдер мен көріністер пікірталастың шарықтаған шегі болды. Осылайша білім жақсырақ ұғылады да пысықталады. #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы