VII ғылыми-практикалық конференция


VII ғылыми-практикалық конференция

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласында «АИТВ-23. ВИЧ-инфекция және синдемиялар.

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласында «АИТВ-23. ВИЧ-инфекция және синдемиялар. ВААРТ – АИТВ прогрессиясын басудың және мультикоморбидтіліктің алдын алудың маңызды факторы» халықаралық қатысумен VII ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы - «АИТВ-инфекциясын зерттеу ассоциациясы» ҚБ-гі 500 астам мемлекеттік, халықаралық ұйыдарының мамандарын, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, дәрігерлерді, ғалымдарды сұхбаттасуға шақырды. Қатысушылар арасында – Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары да болды. Пленарлық отырыстар, саттелиттік форумдар Қазақстанның, шалғайдағы және таяу шетелдің жетекші ғылыми орталықтарының және университеттерінің АИТВ жөніндегі мамандарының қатысуымен онлайн және оффлайн режимдерінде ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты – АИТВ-инфекциясын алдын алудағы, диагностикасындағы және емдеудегі АИТВ-медицинасының жаңа жетістіктерімен бейінді мамандарды таныстыру, жаңа жаһандық талаптар жағдайында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды медициналық көмектің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету. Қатысушылар Қазақстандағы, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі АИТВ бойынша эпидемиялық ахуалмен танысты, ҚР жүргізіліп жатқан АРТ тиімділігімен және әлемдегі инновациялармен, еліміздегі өзін-өзі тестілеу үрдісімен, азаматтық секторды тарту арқылы АИТВ-мен өмір сүретін тұлғаларға көрсетілетін медициналық көмектің жақсарып келе жатқан сапасымен танысты. «АИТВ және жүктілік», «АИТВ-мен өмір сүретін жасөпірімдер мен жастар үшін қашықтықтан көрсетілетін интеграцияланған медициналық-әлеуметтік қызметтер», «В және С созылмалы вирустық гепатиттер: АИТВ-мен өзара ықпалы» атты тақырыптар талқылаудың маңызды бөлігі болды. Конференция Дүниежүзілік ЖИТС күресу күні аясында жылына бір рет дәстүрлі түрде өткізіледі. #СтопВИЧkz #ТоқтаАИТВkz #ЦентрСПИДАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы